¥рпаққа үлгі.


 
 
      ¥лы Отан соғысы басталған 1941 жылы небәрі 15 жаста болған Асылхан Мүсәпіров «Қызыл Әскер» колхозында еңбек жолын соқа айдап, жер жыртудан бастайды. Еңбекке деген ептілігімен ел көзіне түсе білген жас Асылхан өзінің ең алғашқы «КСРО Ауыл шаруашылығы жүмысының үздігі» деген марапаттау белгісін алып, еңбегінің жемісін көре бастаған кезде әскерге шақырылады. Бүл 1944 жылдың екінші жартысы болатын. Асылханның артында тілекші болып әке-шешесімен жалғыз бауыры қалады. Ана жүрегі қашанда өз үрпағы үшін қамығады.Үлының амандығын тілеп, сары уайымға түскен ана Асылқан майданда жүргенде о дүниеге аттанады.
     Қостанай даласынан 500 жігіт, оның ішінде Асылқан Жақияүлының туған жері Сарыкөл ауданынан 45 болашақ жауынгер Челябі қаласының маңындағы Шүбаркөл жерінде қысқа мерзімді әскери дайындықтан өтіп, көп үзамай шайқас даласына аттанады. Одер өзенінің жағасында болған шайқаста Асылқан жерлес достарының біразынан айырылады.Бір жыл шамасында жаумен шайқасып, ел қорғаған Асылқан өз дивизиясымен бірге ¥лы Жеңіс күні 9 мамырда Балтық теңізінің жағасына шығады.
    Бүгінде немере, шөберелерінің ортасында қүдай қосқан қосағы Ғайни әжемен бақытты өмір кешіп отырған Асылқан атай соғыс жылдарындағы ел азаматтарының ерлігін кейінгі үрпаққа дәріптеп отырудан жалықпайды.
    -    Дивизияның байқауында жаңадан толықтыруға келген Қостанайлықтардың соғыстағы ерліктерін атап, мақтау қағазын берді. Менің барлауға барып немістің бір офицерін түтқүндап, штабқа табыс еткенім де ескерусіз қалған жоқ.
  1945 жылдың аяғында дивизиялық тұрақтар ықшамдалғанда қостанайлық жауынгерлер де бөлініп кетті. Мен Беларус майданының Дрезден қаласының түбіндегі бірінші танк әскерінің жеке барлау полкіне келіп, осында әскери қызмет атқардым, - деп Асылқан Мүсәпіров сол жылдарды есіне алады.
    Соғыс жылдарындағы көрген бейнет пен денеге сіңген ыстық- суық бертін келе Асылқаның денсаулығын нашарлатып, 1950 жылдың қаңтар айында елге оралуына себепші болды. Жастық дәуреннің жалындап түрған шағында ауырдым деп ешнәрсеге мойын бүрмай жатып алуды жөн көрмеген Асекең облыстық мәдени-ағарту бөліміне инспекторлық қызметке орналасады. Дәл осы уақытта ауылдық мектепте жүмыс істейтін жас мүғалім Ғайнимен Асылқан отбасын қүрады. Денсаулығына кірген кінәраттың салдарынан ауылдық жерде түра алмайтынын білген отағасы жанүясымен облыс орталығына қоныс аударады. Ғайни Закарияқызы ауылшаруашылық техникумына оқытушы болып жүмысқа түрады. Осы орында отыз жыл үздіксіз болашақ мал дәрігерлері мен агрономдарға қазақ тілі пәнінен дәріс оқиды. Ал Асылқан Жақияүлы өзінің жанына жақын мәдениет саласында біраз жылдар қызмет атқарып, 1963 жылдан бастап кино жүмыстары жөніндегі кеңестің басшысы қызметін атқарған. Осы орында 24 жыл бойына абыройлы еңбек етіп, қүрметті демалысқа шыққан. Асылқан Мүсәпіровтың басшылығымен облысымыздың біраз аудандары мен қалаларына кинотеатрлар мен клубтар салынған.
   - Ол кездерде автоклуб деген болатын. Сонымен ауылдық жерлерді аралап кино көрсетумен қатар осы салада жүмыс істейтін адамдар даярладық. Сол жасаған еңбегімді бағалаған болар 1976 жылы «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» деген атаққа ие болдым. Бүған дейін туған жерім ҚараобаауылдықкеңесінеқарастыЖаңасуауылыныңмектебінде алған 9 жылдық білімді жалғастыруды жөн көріп, тынымсыз еңбек арасында Қостанай мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқып, білім алып та үлгірдім, - дейді Асылқан Мүсәпіров.
   Бүгіндер Асылқан мен Ғайнидың балаларының үшеуі де өз бетінше отау қүрып отырған жайы бар. ¥лы Бағытжан спорттың бадминтон түрінен Кеңес Одағының спорт шебері атанған. Қазір
өз білгенін жастарға үйретуде. Ал атайдың немересі Әнуар осы спорт түрінен Қазақстанның атынан Иран, Жапония, Испания, Дания елдерінде бағын сынап жүр.
   Соғыс даласында өмір мен өлімнің арасында жүріп, заман қаталдығын сезінген Асылқан атайдың мінезі туралы жары Ғайни әжейден сүрағанымызда ол кісі жарына деген ақ алғысының көп екендігін білдірді.
   - Біздің қосылғанымызға да елу жылдан астам уақыт өтті. Өмірдің қызығы мен шыжығын тең бөлісе білдік. Асекеңнің бір жақсы қасиеті балалар тәрбиесіне аса көңіл бөлетіндігі. Көре -білген жақсы хабарларын, қазақтың, орыстың арасынан шыққан зиялыларды үлгі түтарлықтай істерін немерелеріне айтып отырады. Асекеңе қосылып 3 бала тәрбиелеп, немере сүйіп отырған өзімді бақытты әжелердің қатарына жатқызамын,- дейді Ғайни Закарияқызы.
   Осылайша бала тәрбиесіне қатаң қарайтын Асылқан Жақияүлы болашақта Тәуелсіз Қазақстанның жағдайы жақсаратынына сенімді.
    - Алайда аландаушылық туғызбай қоймайтын жайттар да бар. Олардың бірі басқаға еліктеушілік пен теледидардан көрсетілетін бағдарламалардың еш үлгі түтарлық қырының жоқтығы. Үйдегі тәрбие мен мектептегі тәрбие балаға үлгі болып жарытпайды. Ел боламыз десек жоғары жақтан бастап түзелуіміз керек. Тағы бір жайт жаман қасиеттердің барлығы батыс елдерінен келді деп жатамыз. Мен Германия жерінде бірнеше жыл болдым. Батыстың жаман жағы бар, жақсы жағы да бар. оны ажырата білуіміз керек, - деп ¥лы отан соғысының ардагер Асылқан Мүсәпіров жас үрпаққа өз ақылын айтады.
Ләззат Байгожина
журналист.