Жанайдар Шаймерденұлы

 
1908 жылы Қостанай обласы, Алтынсарин  ауданында (бұрынғы Өбаған), Қараоба ауылыдық кеңесінде кедей-шаруаның отбасында дүннеге келген. 1923 жылдан 1926 жылға дейін Қараоба ауылдық мектебінде оқыды. 1930 жылы Қостанайдағы қазақ коммуна мектебінің 7-ші классын тәмамдады. Қостанай қаласындағы педучилищенің бір жылдық оқытущылық курсын аяқтады.
1930-33 жылдары Семиозер ауданы №4 ауылдығы «Жаңа талап» ұжымшарындағы батауыш мектепте мұғалім болды.1933-37 жылдары Орск (Жаманқала) қаласындағы №18 татар-қазақ орталау мектебінде оқытушылық жұмыс атқарды. 1937 жылдан 1939 жылға дейін Қостанай ауданы, Октябрь аулдық кеңесінің Жамбыл атындағы бастауш мектебінде істеді. Кейын осы аудандағы «Красноктябрь» орталау мектебінде мұғалімдікке жіберлілді. Мұнда 1941 жылы әскерге шақырылғанға дейін мұғалімдікте болды.
Жанайдар ағамыз теқ қана мұғалімдіккпен айналыспай насихат-үгіт, қоғамдық жұмытарға да белене араласты. Аудандық партя комитететнің тапсырма, саяси жұмастармен іссапарларға шығатын. Сосың да нәтжесі болар, әскер қатарында да саяси-тәрбие жұмыстарды атқарды.
1941 жылы әкер қатарына шақырылған. 214-АД қурамыңда соғыскан. Ұрыста алған жарақатан 1942 жылы 07 желтоқсан күні 489-жылжымалы дала госпиталінде қайтыс болған. Сталинград обласы, Пловлинск ауданы, Абилов хуторында жерленген.
Әскер катарына Қостанай ауданын «Қостанай» колхозынан аттанған 48 азаматтың біреу еді. Солардың 34-і отты жылдардан ортамызға оралмады. Колхоздың бұрынғы төрағасы, бұл күндері арамызда жоқ, маркұм Мирас Нұрғалиевтің еңбегінің нәтижесінде соғыстан оралмағандардың аты-жәні мәрмәр тасқа қашалып жазылып, ауыл ортасына ескерткіш орнатылды. Олардын арасында Жанайдар Жанайдар Шаймерденұлы ағайдың да аты бар.