Шамшиев Ақыбай

 
1900 жылы Қостанай облысы, Нарөлген деген жерде, Аманкелді ауданының Мойылды бойында дүниеге желген. 1922 - 41 ж. есенші болып істеді.
1941      жылы армияға шақырылып, Челябі облысының Миас қаласында дайындықтан өткен.
1942жылы генерал-майор Ф.М.Т олбухин басқарған 57 армияғя жіберіледі.
Сонда Сталинград фронтындағы шайқастаболыпдаланынемісфашистерінен босатып, 57 армияның қүрамында Курск және Орел қалаларын босату майданына қатысады. Одан кейін Украина мен Белоруссияны фашистерден босату соғыстарына қатынасады. Ақаңның қатты есінде қалғаны Украинаның астанасы Киев қаласын жаулардан босату - соғыстарына қатынасқаны.
Сол Киев қаласында 1976 жылы немересі Батырбек пен келі- ні Ермекті ертіп барып қаланы көрсетті, сондағы соғысқан жер- лерімен таныстырды. Ақыбай қарт басқа солдаттармен бірге Болгария, Венгрир, Чехословакияны жаулардан босатып Бер- линге дейін барады. Берлинді алғаннан кейін Ақаңды Дальный
Востокқа жіберіп Жапонияның Квантун армиясын жеңіп, Оңтү- стік Сахалин, Курил аралдарын босатуға қатынасады. Ақаңның Киев, Сталинград, Минск, Берлин қалаларын босатудағы бірне- ше медальдары сақталуда.
Ақыбай ақсақал елінде өте сыйлы болды. Өзінің араб тілін білуінің арқасында 1970 жылдары Степняк - Амантоғай бой­ында молдалық қызметтерін атқарды. Ақаң өзінің көзі ашы- қтығы арқасында қой, жылқы фермаларын басқарып, 1960 жылы зейнеткерлікке шықты. 1979 жылы қайтыс болып өзінің туған өлкесі Мойылдыда жерленді. Сол жерде жүбайы Қатира Таңқыбайқызы да жатыр. 4 үл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді.
Ақаңның жақсылығын, адамгершілігінің молдығын, қамқор- лығын осы күнге дейін жерлестері еске алады. «Жақсы адам бүл дүниеден өткенде де жақсы болып қалады”, - дейді Ақаңның жерлестері. Ақаң сондай адам еді.
1947 жылы Баймүрат деген жерде мал бардақылау, пунктін- де төрағалық қызметін атқарды. 1951 - 53 жылдары бүрынғы "Буденый" (қазіргі Дәмді) колхозында басқарма болды. Одан кейін 1954 - 1957 жылдарға дейін Баймүратта басқарма болды.
1957 -1960 ж. жылқы шаруашылығында бригадир болып істе- ді. (Қайынды кеңшарында). 1960 жылы зейнеткерлікке шықты. Соғыста бірнеше медальдармен, ордендермен марапатталды.