Баймүхамбет (Баеке) ұлы Мағзұм


   1895 жылы Сарыөзен бойында Амангельды ауданы Қостанай обылысында туған. Әкесі Баймұхамбет Үсенұлы дәулетті бай болған, сондықтан Мағзұм медреседе дін оқуын бітірген.
   1926-1927 жылдағы байларды кәмпескелген заманға ілігіп, Совет үкіметі кезінде үш мәрте Қостанайдың Ақ түрмесіне қамалған бай баласы ретінде.
   Одан ақталып шықанан кейінгі аштық жылдарды бастан өткізіп көп елмен бірге Амангельді ауданынан Қарабалық ауданына көшіп Ресейге өтпей Қостанай қаласының маңындағы Затобол ауданының «Красный Перелом» колхозына қоныстанды, бірсыпыра туған туыстармен.
   Осы аштық жылдары бүрынғы жүбайы, балалары мерт болады. 1936 жылы Міске қызы Жәмилямен кездесіп от басын қүрады.
 Олар дүниеге Әлима, Дәметкен, Әбдікәрім атты балалар әкеледі.

 Колхоз кезінде еңбегі табысты болып, 1939 жылы Бүкіл Одақтық ауыл-шаруашылық көрмесінің грамотасымен марапатталды.
    1942-1943 жылдары ¥лы Отан соғысына қатысады.
Соғыстан кейін де өз колхозында еңбек етіп, 1961 жылы зейнеткерліке шыгады.
Өмір бойы діни сенімі мол болып, ораза, намазын қаза етпеген кісі. Ел арасында пірәдәр атанған адам.
1983 жылы 88 жасында дүние салды. Өзі өсиет еткен жеріне жерленді, - Жазы би жатқан зиратта.
   Ол кісінің жүбайы Жамиля 94 жыл ғүмыр жасап, 1994 жылы дүние салды. Ол да сол зиратқа жерленді.
Арттарында Әбдікәрім үлынан және Дәметкен қызынан бірнеше немере, шөберелер бар.
  Атап айтқанда - Әбдікәрімнен: Ғабдылқадым,Ғабдылкалим, Ғабдылқаир, Динара; Дәметкеннен: Төлепберген, Сәлима, Сәния,
Аскар, Ербол атты немере жиендері бар. Олардан шөберелеріде баршылық.