Токал Арғын, Таз (Алдияр) руының сайтына кіріспе

aldiyar

     «Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп – қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру – тайпалық, жүздік-қауымдастық біртұтас ғажайып бітімі, ғасырлар бойы бүкіл қазақ- бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы деген ұстаным бойынша өсіп-өркендеп отырған. Міне, европалық канондар бойынша бір бірінен шалғай жатқан үш жүздік бөлектердің бастары бірікпеуге тиіс болғанымен, халық санасының біртұтастығын осындай қасиеттер қалыптастырған. Мұндай біртұтастық тек қана рулық жүйе арқылы жүзеге асқан», - дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
      Шежіре сөзді арабтың шаджарат сөзінен шыққан, «сақтау», «ағаштың бұтағы» деген ұғымдарды білдіреді. Ру дегеніміз – қазақтың бір-бірінен жіктелу үшін ойлап тапқаны емес, керісінше, көшпелі қоғамның генеологиялық (қантазалығын сақтау) кұрылымы,әрі қауымдық жүйенің арқауы болған.
      Отбасы – жеке адамдардан, әулет – отбасылардан, ру – әулеттерден, жүз – рулардан, ұлт – жүздерден тұрады. Қазақ жұртының сүйегі осы. Қазақ ғұрпындағы сүйекті жауға қалдырмай, сүйекті қорлатпау, қорлау, қорымды, кәбірді қастер тұтудың мәнісі осында жатыр.
    Шежіре әуелде атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауызша таралып отырған. Оны айтушыларды шежіреші деп атаған. Кейін келе білгілі адамдар осынау шежірешілердің айтқан мәліметтерін пайдаланып, өздерінше пайымдап хатқа түсіріп, кітап етіп шығарған.
Шежірені бірталай қазақтын атақты ғұлама ғалым тұлғары жазған, олар: Мәшһүр Жүсіп Копеев, Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сатпаев, Мұхтар Мағауин, Зайыр Сәдібеков, Қазбек бек Таусарұлы, Қытай қазағы Нығмет Мынжан, Молдабек Жанболатұлы, «Тобықты шығыстау шежіресі» - 6 том, Бұхар жырау шежіресі ел игілігіне айналды, Арғын Таз (Алдияр) руының шежіресі 2008 жылы Әкімбек қажы Қабденұлының құрастыруымен 488 бет болып басылып шықты. Кітапты 500 данамен бастырып шығарған Нұрлан Айткұлұлы Жаманов пен Сайлаубек Ғалымбекұлы Мінәйдаров.
     Бұл кітап – шежіре Таз руының тарихындағы бірінші кітап болғандықтан, Алдияр баба ұрапақтарын толық қамты алмады. Оның сыртында одан бері тағы 10 жыл уақыт өтті. Ұрпақ өсіп, жаңа отбасылар пайда болып жатыр. Сол себепті шежірені толықтырып, қайта жазу мәселесі көтерілді. Бұл мәселе «Алдияр қоғамдық бірлестігінде» талқыланып, шежірені электронды форматқа көшіру туралы шешім кабылданды. Ол үшін «Арғын, Таз (Алдияр) руының шежіресі» атты сайт ашатын болдық.Ол сайттың администраторы осы қоғамдық қордың мүшесі – Болат  Оразжанұлы  Шаймерденов. 8-777-784-3637.
    Шежіре сайтта аттары аталған ата-бабалардын жарқын бейнелері, үлгі – өнегелері барлығымызды да желеп-жебеп жүре берсін!
           Батырларымызбен билеріміздің кесенелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, бабамыздың, ағаларымыздың атына берілген көшелерге белгілер қою үшін және Таз (Алидяр) руының құрылтай мәжілісін өткізу үшін қаражат қажет.
         Сондықтан Таз «Алидяр» білестігінің қазнашысы Абушаминов Алиханның (8-705-462 9204) атына Каспи банкте карточка ашылды. Карточканың нөмірі №5169 4971 9387 1989. 
         Жарналарыңызды және басқа беретін көмектеріңіз болса көрсетілген карточкаға аударуыңызды сұраймыз.(5 000 т.)
       Для проведения ремонта мавзолеев наших батыров и биев, установления памятных знаков на улицах, названных в честь наших предков, проведения курултая необходимы денежные средства.
Просим перечислять добровольные взносы на карточку казначея нашего общества Абушаминова Алихана –Alikhan Abusnaminov. Номер карточки №5169 4971 9387 1989. Телефон: 8-705-462-9204.
Карточка отрыта в Каспи банке специально для удобства перечисления средств при помощи мобильных приложений.
Все поступления и расходы будут опубликованы на сайте.


Сұрактарыңыз болса келесі поштаға жазыныз     tazaldiyar@gmail.com
 
                                                                                                                                                                        Әкімбек қажы Қабденұлы, 01.10.2018 ж.