Шежіре авторы
Қабден Әкімбек Қабденұлы
Мен Әкімбек Қабденұлы Қабден Қостанай ауданы Успеновка ауылында 7.12.1937 жылы тудым. 1955 жылы Наурызым ауданының Мереке орта мектебін бітірдім. 1957 жылы Атырау қаласындағы педагогикалық училищені бітіріп, 1957 – 1963 жылдары Амангелді, Наурызым аудандарында мұғалім болып істедім. 1963 жылы Алматының Зооветинститутына түсіп, 1968 жылы бітірдім.Сол жылы Әулиекөл ауданының Москолев совхозында, 1973 жылға дейін Целинный совхозында, 1978 жылға дейін Диев совхозында зоотехник, зоотехник – селекционер, бас зоотехник болып істедім. 1979 жылдан 1997 жылға дейін Чернышевский атындағы, Овцевод совхоздарында директор болып, Әулиекөл аудандық ауыл шаруашылық басқармасында орынбасар болдым. Мемлекеттік қызметтегі еңбегім еленіп «Знак почета» орденімен, «За освоение Целлинных земель», «Тыңға 50 жыл», «Ветеран труда», «Лениннің 100 жылдығы», «КР тәүелсіздігіне 25 жыл», «Енбек ардагері» медальдарымен марапатталдым. Әулиекөл асыл тұқымы ірі қарасының шығарушы авторларының бірімін. 1997 жылы зейнеткерлікке шығып, Әулиекөл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайландым. Осы уақытқа дейін осы жұмысты атқарып келдім. 2008 жылы Әулиекөл ауданының Құрметті Азаматы атағына ие болдым. 2000 жылы Меккеге барып қажылық парызымды өтедім. Әулиекөл ауданында мешіт салу ісімен араласып, ұйымдастыру жұмыстарын басқардым.
2008 жылы «Өмір - дария», «Арғын, Таз руының шежіресі» кітаптарым жарық көрді. Облыстық, аудандық газеттерінде жастар тәрбиесіне, қазақтың әдеп – ғұрып, салт – дәстүріне, бұрынғы өткен бабалардың тарихы мен ерлік істеріне арналған мақалаларым жарық көрді.
Отбасымда, әйелім Күлдір, Нүрекеқызы (1939), ұлдарым: Нұрлан (1960), Нұрқан (1961), Нұрған (1968), Балқан (1970) жылы, қызым Алмагүл – 1965 жылы туған.
Балаларымның бәріде жоғары білімді, мамандықтары бойынша жұмыс істеп жүр.
Келіндерім Роза Төлегенқызы – мұғалім,
Гүлмира Рафайлқызы – медбике,
Жанна Маратқызы – мұғалім.
Немерелерім Ғани Нұрқанұлы – программист, Бақтияр Нұрқанұлы – қаржы полициясының маманы, Нұржан Балқанұлы – полиция қызметкері, Данагүл Нұрғанқызы – бухгалтер. Гүлдана Нұрған қызы мен Айша Балқанқызы – жоғары окұ орнында оқып жүр. Ең кішкентай немерем Нұрайым Балқанқызы 2-ші сынып окушысы. Шөберем Дария 1,5 жаста.