¥лы бабамыздың туғанына 300 жыл толуы қарсаңында

Барақ батыр
¥лы бабамыздың туғанына
 300 жыл толуы қарсаңында
 
Тарихта өте бір сирек кездесетін жағдай, әкесі мен ұлының бірдей ірі тұлға болып шығуы. Бұл өзі бір ғажайып нәрсе, Шақшақұлы Жәнібек тарханның ұлы-Дәуітбай тархан әкесіне сай елге еңбегі сіңген. Қарабалуанның ұлы Барақ Батыр әкесіне сай халыққа қызмет еткен. Халықтың Барақ батырға лебізі әкесі Қарабалуанға бас июінен кем емес. Міне, үш ғасырғажуық уақыт бойы бүкіл Орта жүздің ақсақалдары Барақ батырдың зиратына барып, түнеп, мал шалып, қүран оқиды. Барақ батырдың зираты бүгінгі Урицкий ауданында.
Барақ атты белгілі адамдар қазақ тарихында көп болған. Бәрі де ақсүйек, төре мен сүлтан атақтарына ие болған. Қара қазақтан Барақ атына ие болған Қарабалуанның баласы. Қара балуан болмаса Барақ атын қоюға басқа кімнің жігері жетер еді. Онда Әбілқайыр ханды өлтірген сүлтан Барақ тірі кез еді. Хан Абылайдың сүйікті батыры Қарабалуан баласына Барақ атын қойғанға төрелер қарсылық білдірмеген. Мүмкін Қарабалуан сүлтанның өзінен рүқсат алған шығар? Біз оны біле алмаймыз. Бірақ жай халық өз еңбегімен тек қана батыр, ия болмаса тархан аттарына ғана жете алған, сүлтан аттарына ие бола алмаған. Шыңғысханнан бүзылмай келе
жатқан дәстүр бойынша хан мен султан атақтарына тек қана ақсүйектер не бола алады. Ал ақсүйектер, торе дегеніміздің бәрі Шыңғысханның үрпақтары. Екінші жағынан, хан мен сүлтандар еш уақытта батыр мен тархан атақтарын иеленбеген. Себебі, бүл атақтар жай халыққа белгіленген. Батырлар мен тархандар оз хандарына, өз сүлтандарына бағынышты болған. Міне, осы жағдайды ескермесек біз Қарабалуанның баласы батыр Барақты ақсүйектерден айырма алмай, шатасып қаламыз.
Он сегізінші ғасырды түгел алғанда Барақ сүлтан бірнешеу болған. Ал батыр Барақ біреу, осы жағдайдың тарихи маңызы зор. Себебі, Балуанның баласын батыр Барақты Абылайхан кіші жүзбен Ресей шекарасына екі мың сардарды басқартып, Емельян Пугачевтың өтініші бойынша жүмсаған. Кіші жүз болса, Барақ атты сүлтандарды ғана бүрын естіп жүрген.Барақ атты батырды бүрын естімеген. Сондықтан Кіші жүздің ішінде көпшілікке Барақ сүлтан келді деген сыбыс таралған. Ал бүл сыбысқа Барақ батыр Абылайхан мен Нүралы ханның нүсқауы бойынша кедергі келтірмеген. Осы тарихи жағдайларға бір себеп болған, 1774 жылдың басында саясатшылардың Емельян Пугачевтың қозғалысына мән бермеуге мүмкіншілігі болмады. Өзін-өзі III Петр патшамын деп атаған Ресей бүқарасының басқарушысы болған ол сансыз адамды өз туының астынажинап алды. Басында Пугачев қозғалысына мән бермеген патша өкіметімен жақсы қатынаста болған. Абылайханға мінез көрсеткен кіші жүздің ханы Нүралы өзі Абылайханның алдына келіп ақыл сүраған. Сол мезгілде Нүралы ханның Кіші жүзде беделі өте төмендеп кеткен еді. Себебі Досалы хан мен кіші жүздің ең қадірлі билері басқарған талай мың қазақтың жігіттері Пугачевке қосылып кеткен кезі. Халық аңызы бойынша сол мезгілдерде Абылай ханның үсынысы бойынша, үш жүздің биі бір көлдің жанында, төбеде жиналған екен. Сондағы мәжілістің мағынасы Екатерина патшаға қарсы шығу ма, шықпау ма деген сүраққа жауап беру.
Бірінші сөйлеген ¥лы жүздің биі «мынау көлдің алар ма еді қуын атып? », - деген екен. Сонда Орта жүздің биі: жазым болып жүрмесін, суын атып, - депті. Кіші жүздің биі: үлкен жиын, үлкен той сонда болар, көлде жүрген перінің қызын атып, - депті". Осы үш ауыз сөзбен үш жүздің үш биі тараған екен.
Түсінген адамға басқа сөздің керегі жоқ болған. Себебі бәрі түсінікті: ¥лы жүз ойланды, әрекетжасауғаасықпайды. Ортажүз
Екатерина мен Пугачевтың арасындағы соғысқа екі жаққа бірдей ықылас бөледі. Кіші жүз қарсы шығып, Пугачевты қолдайды. Орта жүздің саясатын Абылайхан анықтаған. Абылайханға Емельян Пугачев әскери көмек сүрап, талай адам, талай хат жіберген. Екінші жағынан патша әкімшілігі Абылайханға «Пугачевке көмек берме», - деп қайта-қайта өтініш жасаған. Ал Абылайхан осы жерде өзінің ғажайып даналығын танытады. Патшаның адамдарына: «Мен сарбаздарымды Ресей мен Қазақ шекарасына жіберемін. Олар шекарадағы қорғандарды қоршап алады.Бірақ олар бекіністерді алмайды. Бекіністердегі солдаттарға, олардың отбасыларына жамандық келтірмейді, оларға тамақ тасушыларды тоқтатпайды, тонамайды. Ал сонда Емельян Пугачев өз отрядтарын сол бекініске жібермейді. Олар келсе бекіністерді алып, офицерлерді дарға асып, бекіністерді өртеп, солдаттарды өздеріне ертіп алады», - деп түсіндіреді.
Ал Емельян Пугачевке Абылайхан: «Шекарадағы бекіністерді алуға сарбаздарымды жіберемін», - деп хабар берген. Сондағы Абылайханның ойы Пугачев пен ресейліктердің соғысына қазақтардың тікілей қатысуына еш қисын жоқ. Ақыр соңында Пугачевтың отрядтары қазақ жеріне қашуы мүмкін. Ал алдыңда бекіністер болса, олар қазақ жеріне қалың топпен өте алмайды. Сондықтан бекіністерді қалайда болса сақтап қалу керек. Себебі,егер Пугачевтың отрядтары қалың топпен қазақ жеріне отіп кетсе, онда артынан патшаның жазалаушы отрядтары қуады. Қырғын болады. Бүл қырғында қазақтар ия ол жақ, бүл жақ болулары керек. Сонда соғыс орыс жерінен қазақ жеріне келеді. Жаңа ғана қалмақты жеңіп, енді етек-жеңін жинап отырған қазақтарға мүндай соғыстың керегі жоқ екені анық. Сондықтан бекіністерді сақтап қалу үшін сарбаздарды жіберу керек дегендік еді.
Міне, осы оймен Абылайхан орыс пен қазақтың шекарасындағы бекіністерді қоршап алуға екі топ сарбаздарды жіберді. Бір топтың саны 4090 адам екен. Бүл топты Шақшақ Жәнібек тарханның үлы Дәуітбай тархан басқарды.Екінші топтың саны 2000 сарбаз. Бүл топты Қарабалуанның үлы Барақ батыр басқарды. Абылайханның түпкі ойын бірінші түсініп қолдаған Барақ батыр болды. Риза болған Абылайхан: «Өзің батыр өзің әулие екенсің ғой. Сені ел емші-батыр деуші еді, мен әулие батыр деп айтамын», - депті.
Бұл сөздің мәні Барақ батыр шешесінде бар емшілік, дәрігерлік бақсылық білімдерін, әдістерін үйренгендігі. Егер ел таңдандырар күші, қайсарлығы, батырлық тапқырлығы, айлакерлігі әкесіне үқсаса, сонша ауруды адамның тамыр соққаныннан, сыртқы бір көзге көрінбейтін белгілерінен табуы, оны шөппен, дүғамен және де басқа да көптеген әдіспен емдеуі шешесіне үқсаған. Аттан қүлап, белін, аяқ-қолын сындырған адамдардың сүйектерін орнына салып, теріге, киізге орап тез жазады екен.
Дәуітбай басқарған топты Абылайхан Орта жүз бен Ресей шекарасына жіберген. Ал Барақ батыр басқарған топты Кіші жүз бен Ресей шекарасына жіберген. Мүны естіп, Нүралы хан қуанған, себебі ол да Пугачевтың жеңіп шығатына сенбей жүрген, Пугачев жеңілсе оның отрядтары Кіші жүздің жеріне қашып, Нүралы ханның сарбаздарымен соғысу мүмкіндігінен хауіптеніп жүрген.
Пугачевтың отрядтары мен оларға қосылған қазақтар Кіші жүз бен Ресей шекарасындағы бірталай бекіністі алып, өртеп, қалғандарын Барақ батырдың сарбаздары қоршап алған. Бірақ бүлар Пугачев қаншама сүраса да ол бекіністерді алмаған. Әшейін кей-кейде өтірік шабуыл жасағансып, атыс өткізген. Бірақ соғыстың аты соғыс қой. Тіпті бір ойда жоқ жерден шайқас туа қалады. Мысалы Дәуітбай батырдың сарбаздары Ново-Ишим линиясындағы бекіністерді қоршап алғанда, ондағы кейбір солдаттар жоғарғы чиновниктерден түсінік алмағандықтан қазақтардың келген мақсатын білмей, зеңбіректермен атқылаған. Сонымен бірнеше қазақ қайтыс болады. Ашуланған қазақтар сол бірнеше бекіністерді алып, солдаттарды түтқынға түсірген. Мүны естіген Абьшайхан ашуланып, түтқындарды өз ордасына жеткізуге бүйрық берген, «оларға ешбір залал келтірмесін» деген. Өзі Пугачевтен «сол түтқындағылар ханның өз меншігі болсын» деген мақүл сөзін алған. Кейін Абьшайхан оларды патша отрядтарның қолына түскен қазақтарға айырбастап алған.
Барақ батыр дамезгіл-мезгіл патша солдаттарымен тайталасып отырған. Бүлар бекіністегі солдаттар емес, жазалаушы отрядтардың солдаттары еді.Бекіністердің маңайынан өтіп бара жатып, оларды қоршаған қазақтарға тиіскен. Сол шайқастарда Барақ батыр қолбасшылық, тапқырлық, айлакерлік талантымен
Мақтанамыз болғаныңа кең дария атақты,
Күштілікпен ел өзіңді Қарбалуан атапты.
Өзің жайлы білдік талай жайларды,
Енді ата тыңда өзіңнің ізбасарың, үрпақты.
Ойлаймын мен берерсің деп пәк жүрекпен ақ бата,
Білдің ғой сен күштілікпен ашуды да тоқтата.
Жыр жолдарын өзіңе арнап отырған,
Арман қуған мен үрпағың жан ата.
Мен білемін мәңгі болмас жалған бүл,
Десек-тағы тарих бетінде тағылымдар сайрап түр.
Ата есімін мақтанышпен еске алған,
Мен шөпшегің Сәбитқызы Саягүл.
Көп адам қатысқан мәжілісте басқа да қонақтар сөз сөйлеп, өз ықылас тілектерін білдірді. Соңынан баба аруағына бағышталып, ас берілді. Жиналған қауым аруақты бабамыздың бүгінгі үрпақтарына ризашылықпен аттанды.
                                                                                        С. Меңдібай жазушы.