Бабалардың ерлігі - өнеге
Бабалардың ерлігі - өнеге
Осы күнге дейін ата тегімізді айта алмай, ұрпақтарға тарихи ешқандай мәлімет қалдырмаймыз ба деп ойлаушы едім. Мұның себебі жазылған тарих кезінде орынсыз жоғалып кетті. Тарих шежіресіне куәгер көне көз қариялар дүниеден өтті. Олар да ойларын кезінде ашық айта алмаған да шығар.
Енді, міне, егеменді ел атанып, көк туымыз көкке желбірегеннен кейін, осынау еліміздің байтақ даласын қорғаған батыр бабаларымыздың есімдерін бірте - бірте ұрпақтарымызға өнеге ете бастадық. Мен де соның бірімін.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұхар жырау аталамыздың қалдырған қасиетті осиеттері мен асыл сөздерін біздің ғалымдарымыз ғылыми конференцияларда тамаша баяндап жүр. Батыр бабалардан - Қабанбай, Бөгенбай, Есет, Жәнібек тағы басқалардың ерлігін жастар енді ғана біле бастады.
Сол себептен қасық қанын қинап, елінің кең байтақ даласын қорғау үшін, өмірін ат үстінде өткізген батыр бабалар есімін үрпақтан үрпаққа жеткізу, олардың ерлік істерін үлгі етіп, айта жүру баршамыздың борышымыз дегім келеді.
Бірақ осы уақытқа дейін «батырлар», деп, «қол бастаған
данышпандар» деп, Петр бірінші, Суворовты, Кутузовты, Александр Невскийді, Нахимовты мадақтап келді. Олар өз еліне, өз халқына, рас солай болған ғой. Сонда біздің қазақ батырлары, данышпан бабаларымыздың аталмауының себебі неде? Оған мына оқиғалар себеп болған шығар. Кенесары ханның 1807 - 1847 жылдары ұлт - азаттық күресін қазақ тарихына кіргіземін деп, жас ғалымымыз Е. Бекмаханов сотталып, қадірменді, ел сыйлаған асыл ағамыз Ілияс Омаров қызметінен босатылған. Бұл бір ғана мысал.
Енді, міне, ата- бабаларымыз туралы деректер өз ұрпақтарына оралып жатыр. Жәнібек бабамыздың ерлігі, билігі жөніндегі деректі мағлұматтарда онымен бірге жауға атанған, күш атасы атанған менің Қарабалуан батыр бабамның есімі кездесіп жүр. Қарабалуан (шын аты Жанүзақ) Алдияр үлы Жәнібек батырмен аталас екен. Шағыр атамыздан төрт үл - Аманжол, Сарыжетім. Бегіс, Сомжүрек туралы. Аманжолдан - Жәнібек тараса, Сарыжетімнен Жауғашты, одан Алдияр, онан Қарабалуан тараған.
Тағы бір деректе, патшалық Ресейдің Крафт деген ғалымының «Принятие киргизами русского подданства» деген кітабынан алынған мағлүматта, 1738 жылы 3 тамызда ру ақсақалдары қол қойып, ант берген тізімі көрсетілген. Сол тізімді екінші болып
- Арғын Қарабалуан Алдияр баласы қол қойған, осы тізімде Орта жүз Шақшақ Жәнібек Қошқарбаласы қол қойған деп атап көрсетілген.
Үш жүздің би - ақсақалдарының қол қойған себебі, (қүжаттарға) бодандыққа емес, одақтастыққа, ел тыныштығы үшін ғой. Себебі, сол кез хандығымыз жойылмаған, жерімізге ешкім кірмеген уақыт.
Енді Жанүзақтың қалай Қарабалуан батыр атанғаны, оның батырлығы жайында бір естелік әңгімелерін келтірмейін.
Қазақ даласында «жүт» деген пәле және жаугершілік қатар келе берген көрінеді. Қарабалуан атамыз жүттың салдарынан қалыңдығын алуға кешігіп барған екен.
Олардың үрпақтарын «Таздар» деп те атайды. Негізінде олар Торғай облысының Аманкелді ауданы, Қостанай облысының Урицкий, Алтынсарин аудандарының жеріне орналасқан. Бүл жерлердің қысы қатты, ормансыз кең дала. Жүтқа жиі үшырауы да сол кезде әбден мүмкін.
Сол заманда күйеу қайын жүртына барғанда ел ішіне бірден кірмей, бір қырдың астында, нөкерлерімен қосын тігіп, елге жеңгетайлық қатынаспен жететін көрінеді. Қарабалуан келгенде қайын жүртын қалмақтар шауып, бір түнде жылқыларын қуып алып кетіпті. Ел ақсақалдары жиналып, дағдарысады. Қалмаққа қарсылық көрсетіп, соғысатын, ел - жүртын қорғайтын ердің болмағанына налиды. «Елге келіп жатқан күйеулер бар деп еді. Солардың ішінде қалмаққа қайрат көрсететіндері бар екен?» деп сүрастырады, ақсақалдар.
Қазақ даласына жау табаны тигенін естіген күйеу жігіт шыдай алмайды. Ол аяқ астынан қол жинай алмаса да жалғыз аттанып кете барады.
Қалмақтардан жылқыны қайырып алып келе жатқан батырдың ерлігі ауылға тез тараған көрінеді. Атамыздың қайын енесі қызына: «Мынау жылқыны қайырып алып келе жатқан батыр, сенің болашақ өмірілік жолдасың, алдынан сусын алып шық. Күн болса ыстық, сусап келе жатқан шығар», дейді.
Болашақ анамыз күйеуінің алдынан торсықпен қымыз алып шығады. Қымыз ішіп, сусынын қандырған атамыз қарсы алған қалыңдығынан «Иә, пақырым, не тілегіңіз бар» деп сүраған екен. Сонда анамыз: «Батырым, сізден сүрайтын тілегім - басыма қамшы салма, үстіме қатын алма» деген екен. Сонда атамыз: «Қап, болмас бердім тілегіңді» деген екен. Сол анамыздан төрт үл туған. Олар - Ақмалай, Жүмағүл, Барақ, Меңіс. Қарабалуан атамызды баласы Барақ Түркістанға Жәнібекпен бірге барып жерлеген көрінеді.
Барақ атамыз қайтқанда жаугершілік, қысыл таяң болуы керек. Балалары оның мүрдесін Түркістанға апарып жерлей алмаса керек.
Барақ балаларына егер менің денемді Түркістанға апара алмасаңдар, жерімнің шекарасына жерлеңдер депті. Жерленген жері Сарыкөл (Урицкий) ауданының "Крылов" совхозының аумағында. Басына ауырып - сырқаған адамдар түнейді.
Біз қарттарымыздың әңгімелерін тыңдап өссекте оған онша мән бермеппіз. Балаларымызға ру туралы айтсақ та, бабалардың ерлік істерін үйретпеппіз. Әрине коммунистік партияның ескінің қалдығына қарсы күресі айтуға мүмкіндік бермеді. Дегенмен де асыра сілтеушілік көп болды. Соның салдарынан жасқаншақ болдық.
Жастарға тағы бір айтарым, біз Өмірдің қиындығын көп көрдік. Атап айтқанда, 1932-33 жылдардағы ашаршылықты, 1937-38 жылдардағы қуғын-сүргіннің куәсі болдық. Хат танымайтын халықты "Халық жауы" деп алып кеткенді көрдік. ¥лы Отан соғысының азабын бастан өткіздік. Міне сексеннен асқанда "Нарық" деген нәрсені көріп отырмыз.
Бірақ бүрынғыд ай айтар ойымызды қорықпай айта аламыз. Бүл Қазақ елінің тәуелсіздік алуының, егеменді ел болғанымыздың жақсы көрінісі.
Қазақта мынындай мақал бар: "Өсер елдің жігіті бірін - бірі батыр дейді,
Өшер елдің жігіті бірін - бірі қатын", - дейді.
Сондықтан жастарымыз бірін - бірі сыйлап жүрсе, үйымшыл, бауырмал болса қандай да болса қиындықтан сүрінбей өтеді.
Асылхан Мүсәпіров Республикага еңбек сіңірген мәдениет цызметкері.Енді, міне, егеменді ел атанып, көк туымыз көкке желбірегеннен кейін, осынау еліміздің байтақ даласын қорғаған батыр бабаларымыздың есімдерін бірте - бірте ұрпақтарымызға өнеге ете бастадық. Мен де соның бірімін.