ҚАРАБАЛУАН

ҚАРАБАЛУАН
Шын аты Жанүзақ Алдиярүлы, Арғын тайпасының Тоқал арғын атанған атасының ұрпағы. Арғын тайпасы қазак руяарының ішіндегі ең көп жэне үлы, дана адамдар көп шыққан ру. Сүйінбай ақынның сөзімен айтсақ: «Анау жатқан арғыным, Арғын атқа қонғанда Басыңнаы сенің қарғыдым! Арғын деген сансыз ел, Мекен еткен қоныс қып Дүниенің жарымын. Ешкім басып көрген жоқ Бүлардың қарқын, арынын! Жерге кіріп кетерсің, Олардың бассаң тамырын!»
Тоқал Арғындардың Шағыр деген атасынан Саржетім, екінші эйелінен Сомжүрек, Аманжол туады. Саржетім эрі би, эрі батыр болып аты бүкіл қазаққа жайылған. Шэкэрімнің «Нартайлақ пен Нүрсүлу» поэмасында осы Саржетім суреттелген. Саржетімнен Ағлан мен Жолдыбай туады. Жолдыбайдан Сүгір, Жолдыбай тараса, Ағланнан Ақымбет, Бекімбет, Шымболат, Жауғашты туады. Қарабалуанның арғы атасы Жауғашты. Жауғаштыдан Мадияр, Алдияр, Қүдияр туады. Қарабалуан /Жанүзақ/ Алдиярүлы 1688 жылы Қаратауда дүниеге келді. 1723 жылы Қаратаудан осы күнгі Торғай, Қостанай жеріне ақтабан шүбырынды заманында қоныс аударған. Саржетім, Сомжүрек, Аманжол үрпақтарын жэне Шағырдың Бөлтірік ағасынан тараған балаларын Қарабалуан би мен Жэнібек батыр бастап, Торғайдың Тосыны мен Обағанның бойына тегіс орналастырған. Солтүстіктен келген жаудан елді қорғау үшін Қарабалуан Обағанның бойынан, оңтүстіктен келген жауға соққы беру үшін Жәнібек Тосыннан қоныс алған. Қалған елді осы Тосын мен Обаған өзені арасындағы жерлерге туыстығына қарап орналастырған. Бүл жаққа көшіп келгенше Қарабалуан мен Жәнібек елін Жоңғарлардан қорғап, эскер басшысы болып, бүкіл қазаққа танылған батырлар атанған. Жоңғарлар 1698, 1711, 1712, 1714, 1717, 1721 қазақ еліне қарсы ірі шабуылдар жасаған. Осы жылдары қазақтың оңтүстік жағын түгелге жақын басып алған. 1691 жылы, В.А.Моисеев деген тарихшының дерегі бойынша, Жоңғар хандығы қазақ ордасына елші жіберіп, қазақтар қалмақ дініне кірсін, ламаизмді қабылдасын,-деп талап қояды. Қазақтар бүл талапқа қарсы шығады. Осыдан бастап екі ел арасында ірі соғыстар болады. Қазақтар қалмақтарды жеңіп отырады. Сондықтан қалмақтар қолайлы жағдайды күтеді. Мүндай қолайлы жағдай Тэуке хан қайтыс болғаннан кейін туа бастайды. Таққа отырған Болат пен Қайып хандар түсында хан сарайы маңындағылардың ішінде алауыздық туып, бірлік бүзылады. 1720 жылы Қытай императоры Хан Син өліп, оның орнына отырған император Жоңғар ханымен соғыспау жөнінде бітім жасайды. Қытай жақтағы қауіп осылай басталған соң, Жоңғарлар бүл беттегі көп әскерін Шу, Талас өзендерінің алқаптарына экеліп қояды. Оның үстіне 1723 жылы «¥лы жұт» болып, тігерге түяқ қалмай, мал қырылып, халық жүтап қалады.
Міне, осы қолайлы жағдайды пайдаланып, қалмақтар 1723 жылы, ерте көктемде, тұтқиылдан шабуыл жасайды. Өрттей қаптаған жау қазақтарды аяусыз қырған, жас баланы да, қарттарды да аямаған. Тірі қалған жүрт туған
1
 
жерлерін, ата қонысын тастап, беттері ауған жақтарына босып кеткен. Бүл «ақтабан шүбырынды» деп аталатын сүмдық апат еді. Міне, осы жылы біздің ұлы бабаларымыз Үлытау келіп, одан осы күнгі Торғай, Қостанай жеріне мэңгі қоныстанған. Көшіп келіп, естерін жинағаннан кейін Қарабалуан інісі Жэнібек, баласы Барақ, туыстары Мерген Бабасүлы, Бекбаулы Өтейұлы, қараман Бекенбай Қожекеұлы, тағы басқа батырларды жинап, қалмаққа қарсы соғысқа аттанады. 1726 жылы Орбасында қазақтың үш жүзінің елбасылары, батырлары бас қосып, жиын өткізеді. Осы жиынға Қарабалуан мен Жәнібек қатысып, жоңғарларға қарсы үш жүз бірігіп соғысуға шешім қабылдайды. Осы жиыннан кейін 1728 жылы Арқадағы Бүлантты өзенінің бойында соғыс болып, жоңғарларға қатты соққы берген. 1730 жылы Аңырақай деген жердегі соғысқа да Қарабалуан мен Жәнібек қатысып, екінші рет қалмақтардың эскерін талқандайды. Бірақ қалмақтар соғысуын тоқтатпайды. 1732-58 жылдары арсындағы қазақ жеріне бірнеше рет шабуыл жасап, ақырында енді қарсы түра алмайтындай болып жеңіледі. «Көп жортқан жаудың басы жолда қалады», - дегендей, 1758 жылы жоңғар мемлекеті жер бетінен біржола жойылды.
Қарабалуан 1730 жылдан бастап соғыс істеріне араласпай, ел басқару жүмысына ауысады. Елді жаудан қорғауды інісі Жэнібек пен баласы Барақ батырға тапсырады. Өйткені қалмақтар жойылғанмен қазақ жеріне Ресей меи Қытай жағынан қауіп бүлты қалыңдай түскен.
Қарабалуан көпжылдық соғыста қажыған халқының жағдайын түзеп, ел арасында тыныштық орнатумен айналысады.
Қасиетті, аруақты Қарабалуан елін ойлаған мақсатына жеткізеді. Ақылы асқан даналығы арқасында халқының мэңгі үмытылмайтын көсемі болады. 1738 жылы ел билігіи інісі Жэнібекке тапсырады, Ел аузында: «Қарабалуан, Жэнібек, Қаздауысты Қазыбек,
Өлі де болсаң тірісің,
Өз атамның бірісің, Қысылғанда сыйынатын пірімсің»,-десе,
А.Байтүрсынүлы өзінің «Бата» деген өлеңінде:
«Қарабалуан, Жәнібек, Қаздауысты Қазыбек,
Түлға болып артына Жетім калған халқына
Бір тиянақ қазық еді»,- деуі тегін болмаса керек. Ел аузында: «Қарабалуан- асқар тау, бел емес пе, Қауіп туса сыйнатын асқар тау сол емес пе!»,- десе, М.Жүмабаев өзінің «Өткен күн» деген өлеңінде; «Қаздауысты Қазыбек, Қарабалуан, Жэнібек, Жалғанда тумас ер еді»,-дейді. Ал, аузы дуалы ақсақалдар бата бергенде: «Алтайда Аққошқардай айбаты бол, Шақшақта Жэнібектей сәулетті бол, Жаппаста Жарабайдай түйелі бол, Қыпшақта Кенебайдай биелі бол.
 
Төменшекті Балуандай киелі бол!»-дейді. Тоқал арғындар жоғары шекті, төмен шекті болып бөлінеді. Шағырдан туган Саржетім ұрпақтары төмен шекті, Сомжүрек пен Аманжол үрпақтары жогары шекті болып аталады. Бүлай бөлінуге негіз болған жылқының қүлағына салынған енге байланысты деген сөз бар. Қарабалуан /Жанүзақ/ Алдиярүлы 1749 жылы Обаған өзенінің бойында қайтыс болған. Қарабалуанның денесін інісі Жэнібек Қошқарүлы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне апарып жерлеген. Бү_л жерге қазақ елінің үлы адамдарын, андарын,сұлтандарын,батырларындіни ғалымдарын жерлеу дэстүріXII — XIV ғасырлардан басталып, 1884 жылы Ресей эскери министрлігінің бұйрығымен тоқтатылған. 1997 жылы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі жөнделіп,осында жерленген адамдардың аты-жөні жазылып, көрнекті жерге ілінді. Осы тізімде біздің үлы бабаларымыз: Қарабалуан /Жанүзақ/ Алдиярүлы, руы Таз, Жэнібек Қошқарүлы- Шақшақ, Мешітбай Сүгірұлы - Сүгір, Мерген /Теңізбай/Бабасүлы - Әйдерке, Әлібек Қүдайбердіүлы — Қанжығалы, Бекбаулы Өтейүлы - Өтей, Шобан Жаманқүлүлы - Қырықмылтық бар. 1998-2002 жылдары үрпақтарыосы үлы бабаларын еске алып, Түркістанға барып, бастарына зиярат етіп, қүрбаншалып қайтты. ¥лы бабалардың үрпақтары туған жерлерінде ас беріп,балаларының тэрбиелік мэні зор істері мен сөздерін жастарға жеткізіп, үрпақтар табақтастығын одан әрі жалғастырды. Қарабалуан Жанүзақтың лақап аты. Енді Жанүзақ қалай Қарабалуан атанды, соған тоқталайын. Мадияр мен Алдияр өле-өлгенше еншісі бөлінбей, бірге қыстап, бірге жайлауға көшіп —қонып жүретін болыпты. Бір жылы Бекімбеттің Баубек деген баласынан туған Қүлқай, Шағыр, Үсен,
Өтеғүлдардың жесірі Қаратөлке әжемізге Мадиярдың көзі түсіп «батыр туатын эйел екен» деп ұнатып қалады.
     Қаратөлкені Үсенге айттырған. Бірақ ол үйленбей қайтыс болады. Одан кейін эмеңгерлік дэстүрі бойынша, Үсеннің ағасы Шағырға қосады. Қаратөлке Шағырдан Жэдік,Тоқан деген екі үл табады. Көп үзамай Шағыр да қайтыс болады. Осыдан кейін Баубектің бэйбішесі екі баламды өлтірдің енді саған рүқсат беремін, қайда барсаң да басың бос дейді. Осы әңгімені естіген Мадияр би Қаратөлкені ауылына көшіртіп алады. Ондағы Мадиярдың ойын жоғарыда айттым. Жер кеуіп, жайлауға көшіп-қонған соң некесін қиып, эйелдікке аламын деп ойлайды. Сонымен Мадияр би жайлауға бірінші болып көшіп кетеді. Алдиярдың көші кешігіп уақытында келмейді. Осыған алаңдаған Мадияр қыстауға адам жіберіп, Алдиярдың неге кешігіп жатқанын біліп кел дейді. Мадиярдың жүмсаған адамы қыстауға барып келіп, Алдиярдың Қаратөлкеге үйленіп жатқанын айтады. Ол кезде Алдиярдың бэйбішесі Қожамжар деген үл туған.
Мадияр би Қаратөлкені Алдиярдың алып жатқанын естігенде, «батыр туатын эйел еді, өзім алам ба деп жүр едім, «таз мүндар — ай алып қойған екен ғой» деген екен. Қасиетті, аузы дуалы Мадияр бидің осы сөзі елге тарап, Алдияр Таз атанып кетеді. Осыған дейін Саржетім руы болып келген Саржетімнің үрпақтары жеке-жеке: Мадияр,Таз, Шымболат, Өтей, Қүлқай, Сүгір, Жолдыбай рулары болып аталады. Сонымен Алдияр Қаратөлке эжемізге үйленеді. Осы эжемізден Алдиярдың Жанүзақ, Өмірзақ деген екі үлы дүниеге келеді. Енді Қаратөлке үшінші балаға екіқабат кезінде Алдияр қайтыс болады. Алдиярдың бэйбішесі
 
Қаратөлке эжемізді тең үхтамай, араларында келіспеушілік туындайды. Тумысында өр де өжет, адамгершілік қасиеті жоғары Қаратөлке бұл кемсітушілікпен келіспей, төркініне көшіп кетеді. Әжемізбен бірге Баубекүлы Шағырдан туған Тоқан жэне ішіндегі Алдиярдың баласы бірге кетеді.
Қаратөлке эжемізден туған Жанүзақ пен Өмірзақ Алдиярдың бэйбішесінің тэрбиесінде қалады. Әкесі жоқ, тоқалдан туған балалар жетімдіктің зарын тартады. Осы екі баланың ауыр жағдайын естіген Мадияр би эдейі Алдиярдың ауылына келіп, Жанүзақты өзім тэрбиелеймін деп алып кетеді. Мадиярдың ауылына келген соң да Жанүзақ қозы бағады, бірақ киімі көк, тамағы тоқ болады. Ойындағысын Мадияр биге еркін айта алатын болады.
Сонымен уақыт өте береді, Жанұзақ 10-12 жасқа келеді. Бір күні қозы бағып жүріп, Мадиярдың үлкен үйіне көп атты адамдар келіп түсіп жатқанын көреді. Қонақтар эңгіме -дүкен құрып отырған кезде киіз үйге Жанүзақ жүгіріп кіреді. Сонда Мадияр би: Жанүзақ неғып жүрсің?- деп сүрайды. Жанүзақ: - Қозылар жайылып жүр еді, жаңа соған бір қара қабан шауып, соны қуып едім, қабан қашып келіп осы үйге кірді,-дейді. Мадйяр Жанұзақтың киесі бар екенін сезіп қонақтармен бірге отырғызады. Қонақтар тоқал Арғынның ең жақсылары мен жайсаңдары екен. Кіші жүзде жақында болатын Асқа бару жөнінде ақылдасуға келіпті. Мадияр осы асқа Жанұзақтың да баратынын айтады. Кіші жүздегі бүл асқа үш жүздің адамдары шақырылған екен. Аста ат жарыс, айтыс, балуандардың белдесуі тағы басқа көптеген жарыстар өтеді. Орта жүзден келген Арғын, Қыпшақтар бэйгенің көп түрінен жеңімпаз атанады. Тек түйебалуанға қарсы шығатын ешкім болмайды. Сол кезде Мадияр би орнынан түрып:
- Арғын, Қыпшақтан түйебалуанмен күресетін бір үл тумаған ба?- деп айғай
салады.
Сонда 12 жасар Жанүзақ орнынан түрып:
- Ата, батаңды бер мен күресемін,- дейді.
Жанұзақтың күресетін қабілетін білмейтін Мадияр сасып қалып,
- Сенің Түйебалуанмен күресетіндей қандай өнерің бар еді?- деп сүрайды. Жанұзақ
сонда:
3-4 жылдық қу тобылғыны бүрағанда майын шығаратын едім ,-дейді Мадияр Жанүзаққа батасын беріп, түйебалуанмен күресуге шығарады. Түйебалуан ірі, Жанүзақтан 2-3 есе үлкен. Күресуге кележатқан баланы менсінбей, келген бетте белінен үстап, үйіріп-үйіріп, лақтырып жібереді. Бірақ Жанүзақ қүламай аяғынан тік түрады. Түйебалуан осы эдісін үш рет қолданады, бірақ Жанүзақ аяғынан тік түседі. Содан кейін кезекті Жанүзаққа береді. Жанүзақ түйедей Түйебалуанды белінен үстап көтеріп алып, басынан асыра үйіріп, жерге алып үрады. Сонда Түйебалуанның ортан жілігі сынып кеткен екен,-дейді. Бүкіл орта жүздің жанкүйерлері түйебалуанды жыққан Жанүзақты көтеріп "Қарабалуан, Қарабалуан ..." деп айғай салады. Мадияр би Жанүзақты қарсы алып, бетінен сүйіп, енді сен Қарабалуансың,- дейді. Сөйтіп 12 жасар Жанұзақ бала Қарабалуан атанып кетеді. Тарихта да осы лақап, Қарабалуан аты қалды. Саржетім Қарабалуан Алдиярүлы атанады.
Қарабалуанның үрпақтары ел басқарған би, аға сұлтан, болыс болды. Министрлер, облыс, аудан экімі болып та істеді. Ақын да, жазушы да, өнер адамдары да көптеп шықты.

Ата жолын жалғастыратыи, келешегінен үлкен үміт күттіретін жастар да баршылық. Үлкенге қүрмет жасап, кішіге қамқор болып келе жатқан Қарабалуанның ұрпақтары тәуелсіздігімізге, тіл мен дін мэселелеріне, тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді дамытуда ерекше белсенділік көрсетіп қазақ халқының тағдырына патриоттық сезімімен қарап, тэуелсіздігіміздің мызғымай, мэңгілік болуына ат салысуда.
      Қарабалуан /Жанүзақ/Алдиярүлы қазақтың біртуар тарихи тұлғасы қазақ халқымен мэңгі бірге жасап, үрпақтарының піріне айналды. Мэңгі солай болып қала береді.
                                                                                                                                                                                                              Әкімбек қажы Қабденұлы