Бейнетқор ауыл советі

Бейнетқор ауыл советі
1928 жылдың 17 қаңтарында Қостанай округіне қарасты Батпаққар, Торғай, Науырзым аудандары құрылды. Ол кезде Науырзым ауданының орталығы бірде Қайғы, бірде Қарасу болатын. Батпаққара қазіргі Аманкелді.
1932 жылы Қостанай округі Ақтөбе облысына берілді.
1936 жылы Қостанай облысы қайта ашылып, Батпаққара, Торғай, Семиозер аудандары соған қарады.
1939 жылы бұрыңғы серіктіктер ірілендіріп, колхоздар (ұжымдық шаруашылықтар) құрылды.
Науырзым жағындағы 6 ауылдық кеңесінде құрылған колхоздар:
№9 – Алғабас ауылдың кеңес - Ақсуат.
Ворошилов колхозы басқармасы Тілеужанов Мағзұл, орталығы Қожа.
Октябрьдің 20 жылдығы - орталығы Егінсай.
Қазақстанның 15 жылдығы - орталығы Талтақай.
Ақсуат колхозы - Төбелес.
Сулы - орталығы Сулы.
№10 – Жаңа қоныс ауылдық кеңесі
         Киров колхозы – Мұқыр.
№11 – Жаңаталап ауылдық кеңесі – Кірпішкөң.
         Жаңаталап (Дмитров) колхозы – Байдилдин Дүйсенбай.
Калинин колхозы – Ықышев Қажымұрат.
         Қазақстанның 16 жылдығы - Ақшолақов Бірмағанбет.
Үштоғай - Әбеуов Мұқан.
№12 – Бейнетқор ауылдық кеңесі – Қайғы.
Мереке - орталығы Қарасу Мұханбетжанов Шайынғазы.
Егінбұлақ  - орталығы Айдар, Күйік.
Аманкелді - орталығы Қайғы Тұржанов Әбду.
№13 – Октябрь ауылдық кеңесі Жалаңаш.
         Сталин колхозы – Әбдірахманов Кенжеахмет.
         Дәмді (Буденный) - Қодаров Есқали.
         Ынталы - Құдабаев Ахметжан.
         Бірлік - .
№14 – Жаңажол  ауылдық кеңесі Аталық
         Октябрь колхозы - Итжанов Жұмағали - Қотыр
Кіндіксай колхозы - Торғаев Жалел
Егінсай  - Бекішев Торсықбай
№15 – Қызылту ауылдық кеңесі - Бүйректал
Бүйректал колхозы-Есжанов Шайжан-Бүйректал.
Социалды(Жамбыл) –Демеуов Әлмағанбет –Кірпішкөң.
Аяқмойылды – Баймолдин Сейітқасым – Ақит.
         Бұл тарихты жазуға мені итермелеген Бейнетқор деген есім. Сөздің мағынасы түсінікті болғанымен Бейнетқор адам есімі болуы мүмкін. Адам есімі болса қай рудан деп іздедім, сұрадым. Бірақ ешкім толық таратып айта алмады. Бейнетқор туралы әңгімені 2015 жылы жарық көрген Мәлік Жаркенов ағамның «Ұстаздық ұзақ жол», - деген кітабынан таптым. Кітапты шығарған ағайдың ұлы Бейбіт пен қызы Сәуле. Мақала «Ақылым көп, ақшам жоқ», - деп аталады. Бұл әңгімені Мәлік ағай Бимағанбет ақсақалдан естіген. Әйдерке Досжанов Бимағанбет, тағышы Кәрібаев Тіленнің құдасы.
 
Әкімбек қажы Қабденұлы
 
 
АҚЫЛЫМ КӨП, АҚШАМ ЖОҚ
 
         Бұдан бір екі ғасыр бұрынырақ Сыр бойынан Арқаға ауған аш-жалаңаш жетім-жесір, кедей-кепшіктер Бейнетқордың бастауымен қолға іліккенін қоректік талшық етумен жаяулап-жалпылап осынау тұщы көлдің шабағына кенеліп, ес жинасты. Көлдің қозы көш шығыс беткейіндегі қарасудың бойынан жеркепе қазып, қамыспен жауып әркім өзінше тұрғын жай жасап алды.
         Ұзаққа бармай, шілде ауып, қыркүйек тақағанда көлдің суы таяздап балық та азая бастайды. Алдағы болашағынан үміт үзген жұрт үлкен қайғыға душар болды. Соңынан ерген халықтың қиыншылыққа тап болғаны Бейнетқорға оңайға соққан жоқ. Тұйықтан шығар жол іздеп Бейнетқор күндіз күлкі, түнде ұйқы көрместен бел шешпей, көлді жағалап жүрумен күн мен түнді өткізді.
         Өмірден үміт үзіп, қайғымен қан жұтып күн сайын құрып бара жатқан бас көтерерлерін жинап алған Бейнетқор сөз бастады:
  • Уа, халайық, сары уайыммен салдырап күннен күнге құрып бара жатырсыңдар, еңселеріңді көтеріңдер сендердің жайың менің де қабырғамды қатты қайыстыруда. Жеті шақырым жердегі Сарқасқадан сайдың ішіндегі құмды аралға тізеден келген  үш шақырым суды кешіп, екіжүз тай тайлаған қамысты жеткізудің амалын ойласақ тұйықтан шығатын жолдың реті боларма екен деп ойлаймын – деп көпке сөз тастады.
 
  • Қанша ақша қажет, оны не істемек едің? –дегендерге
  • 500 сом болса екі есе етіп қарашаға дейін қайтарар едім – дейді ол. Бұл сөзге қу жақтан қуырдақтық ет алатын Қосан байдың құлағы елең етті. Базар халқы Бейнетқордың сөзін қызықтағандықтан ба, әлде аяғаннан ба төңірегінде қаумалап тұрды. Қаумалаған адамдарды киіп-жарып Қосан бай Бейнетқордың қасына жетіп келді. – Сілең қатты ғой, жазған. Егер алған қарызыңды екі есе етіп қайтара алсаң мен 300 сом беремін. Егер қайтара алмасаң туыс туған ұрпағыңмен есігіме өмірлік құл боласың.
  • Дегенің болсын, байеке – деп Бейнетқор ұлықтардың куәлігімен бекітілген 300 сомды  алып төбесі көкке жеткендей базардан суыртпак жіп алмастан басқалардың қайтуына қарамастан жаяулап елге қайтты.
  • Елге жеткенде жүз тай қамыстың тайланып әзір тұрғанын көргенде қатты қуанды.
  • Бірер түндік жердегі көптен қоныс тепкен бай ауылдарға барып, бар ақшасын беріп, ақан жіп, бір күнге пайдалануға 50 түйе жинап әкеп, 200 тай қамысты көл ортасындағы 1000 қойдын қотанындай құмды аралға бесінге дейін жеткізді. Ортасынан он қанат үйдің орнындай ашық алаң қалдырды. Екі адымдай жайпауыт жағаға дейін жол қалдырып барлық қамысты төсеп шықты. Жұрт жұмысты әбден бітірген соң, сатырлап тұрған сары қамысқа Бейнетқордың от беріп жібергенін көрген кедейдің біразы кейісе, біразы бір сыры болар деп ақырын тосты.
Кешке  қарай тұрға жел үлпілдеген күлін көтере ұшырып көлге түсірді. Тек күйген қызыл құм қызған темірдей жалаңаш қалды. Бұл түнді ұйқысыз өткізген Бейнетқор таң саз бере, кедейлердің тайлы – таяғына дейін қалдырмай, қолдарына қап алдырып қыр-сыры жақсы аян. Құныздар қамыс арасынан балаларын өргізіп және қысқы ұйықтар алдында жұптасу үшін осы құмайтқа келіп ойнақтайтынын жақсы білетін. Дабырласып, көтерілген кедейлер мыңдаған құндыздың тірі болса да ыстық құмға табанын жарақаттап алғандықтан доптай домалап қозғала алмай жатқанын көрді. Тезектей теріп алып, саудагерлерге өткізіп қарыздарынанда ада болып, жұрт қайтадан тіршілікке қолдары жетіпті.
Сол көл «Күйік» атанып кеткен. Осы көлдің жағасынан Аманкелді сарбаздары Қостанайдан шыққан жазалаушы патшаның 500 солдатымен шайқасып, полковникті атып түсіріп, жауды жолатпай кері қайтарғаны тарихқа белгілі.
Ал сол 40 шақты үй Бейнетқор ауылы болып күні бүгінге дейін аталып келеді деп, Биекең ақсақал әнгімесін аяқтады.
 
Мәлік Жаркенов
КСРО және Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі