Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары Сакральные объекты общенационального значения


   
Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы) кесенесі
 Республикалық орындар
Барақ Қарабалуанұлы батырдың кесенесі Сарыкөл ауданынан 10 км жерде жатыр. Барақ Жанұзақұлы (Қабалуанұлы) шамамен ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда, яғни 1696, кейбір деректерде 1722 жылы, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Алдияр ауылында туған. Өлген жылы белгісіз. Әкесі Жанұзақ Қарабалуан есімімен мәшһүр болған түйе балуан. Барақ Жанұзақұлы 1740—1758 жылдары қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат ету жолындағы Ордабасы жиынына, Бұланты, Аңырақай шайқасына қатысқан. Барақты Бұқар жырау өз жырында батырлар санатында атайды. Барақ  Қарабалуанұлы Абылай ханның қасында болып, хан сенімін ақтаған.
Батырлығымен қатар емшілік, көрегендік қасиеттерімен де халыққа кең танылған. Аттан құлап, белін, аяқ-қолын сындырған адамдардың сүйектерін орнына салып, теріге, киізге орап тез жазады екен.
Барақты халық қара күштің иесі деп таныған. Шайқастарда Барақ батыр қолбасшылық, тапқырлық, айлакерлік талантымен көзге түседі, тікелей өзі ұрысқа кіріп, найзамен орыс казактарын бір соққаннан ер-тоқымынан домалатып түсірген. Сол кездерден бастап Барақ батыр туралы аңыздар тарала бастайды.
«Емельян Пугачев қозғалысына қатысушылары патша әскерінен жеңіліп, қаша қалғанда, бұл қалың топ қазақ жеріне өтіп кетсе, артынан патшаның жазалаушы отряды қуады, яғни Ресей мен ресейліктердің арасында қырғын соғыс қазақ жерінде болады»  деп Абылайхан даналықпен болжаған. Осы келеңсіз жағдайды болдырмау мақсатымен Абылайхан Ресеймен шекарадағы бекіністерді қорғап қалуға екі топ сарбаздарды жібереді. Бір топты Шақшақ Жәнібек тарханның ұлы Дәуітбай тархан, екінші топтағы саны 2000 сарбазды Карабалуанның баласы Барақ батыр басқарады. Абылай ханның түпкі ойын бірінші түсінген Барақ батыр қазақ жері арасындағы бекіністерді қорғап, қазақ  жеріне соғыс өртінің шықпауын қамтамасыз етті. Осы маңызды тапсырманы орындап келгені үшін Абылайхан Бараққа өте риза болып: «Өзің батыр, өзің әулие екенсің ғой. Сені ел емші – батыр, бақсы – батыр деуші еді. Мен «Әулие – батыр» деп айтамын», – депті.
Барақ батыр 93 жасында дүниеден озған. Ұрпақтарына өсиет етіп «мені алып бара алсаңдар, Түркістанға Ахмет Иассауидің кесенесіне әкемнің жанына жерлерсіңдер, егер алып бара алмасаңдар өз жерімнің шекарасына қойыңдар, ұрпақтарыма қорған болып жатармын»,- деген екен.
Екі ғасырдан артық уақыт бойы бүкіл Солтүстік, Орталық Қазақстан және Ресейдің бізбен шекарадағы облыстарынан қазақтар, жалпы мұсылман қауымы әдейі келіп, Сарыкөл ауданы  аймағында орналасқан Барақ батырдың зиратының басына түнеп, құрбан шалып, құран оқытады.
 
Мавзолей Барака Жанузакулы
Включен в сакральные объекты общенационального значения
 
Мавзолей этого батыра находится в Сарыкольском районе Костанайской области. Барак Жанузакулы родился в 1696 году (по некоторым данным, в 1672-м) в селе Алдияр нынешнего Джангильдинского района. Год его смерти остается неизвестным.
Отец Барака был балуаном по имени Жанузак Карабалуан. Барак участвовал в собрании в Ордабасе, битвах Буланты и Аныракай за освобождение казахских земель от калмыцких захватчиков в 1740-1758 годах. Бухар-жырау в своих трудах вспоминает Барака как истинно смелого героя: своей верной службой батыр удостоился доверия Абылай хана.
Наряду с героизмом он хорошо известен своей мудростью и способностью исцелять. Он лечил людей, которые падали с лошадей, ломали поясницу и конечности, вправлял им кости, обматывал в кожу или кошму. Народ знал Барака как обладателя невероятной силы. В боях батыр показывал навыки в командовании, отличался находчивостью, талантом ловкости и хитрости, бросался в бой и разносил русских казаков в пух и прах. С того времени и начали распространяться легенды о Бараке.
«После того, как войска Емельяна Пугачева проиграли бой царской армии, эта группа людей будет прятаться у нас. Придет карательный отряд императора, война между ними будет на нашей земле», – прогнозировал  Абылай-хан. Чтобы избежать трагической ситуации, он направил две группы солдат для защиты границы с Россией. Одну возглавил сын Шакшак Жанибек тархана Дауитбай тархан, другую – с двумя тысячами солдат – сын Карабалуана Барак. Он взял на себя большую ответственность, выстоял и защитил крепости на границе. Абылай-хан был очень доволен: «Ты герой! Народ говорит о тебе как о целителе-герое, о батыре, а я скажу, что ты святой батыр».
Барак-батыр умер в возрасте 93 лет. Перед смертью завещал: «Если сможете, отвезите меня в мавзолей Ахмета Яссауи в Туркестане, и похороните рядом с моим отцом. А если нет, то похороните на границе родной земли, чтобы я мог защищать ваших потомков».
Уже более двух веков мусульмане не только нашей страны, но и приграничных регионов России, приходят на кладбище Барака батыра в Сарыкольском районе, остаются там на ночь, приносят в жертву скот и молятся. В 1996 году в Костанайской области отметили 300-летие Барака Жанузакулы. Потомки батыра установили памятник в его честь.