Шоқай би Балқанұлының кесенесі

 
Регионалдық орындар



     
 
  ШОҚАЙ БИ БАЛҚАНҰЛЫ 
 
 Бөлісіңіз: Шоқай Балқанұлы (шамамен 1755-1827) - үш жүздің биі. Кіші жүз (Байұлы) Таз руынан шыққан. Алдияр батырдың шөбересі. Қазіргі Қостанай облысы Алтынсары ауданының (бұрынғы Қарағайлы ауылы) Шоқай ауылында дүниеге келген. Оншақты жылдай Жәңгір ханның сарай кеңесшісі болған.   ХІХ ғасырда Қазақ даласында атағы Кіші жүз бен Орта жүзге қатар тарап, небір қиын дауларда билік айтқан. Ол  Арқа елінің көптеген атақты би-шешендерімен қатар жер дауына, ел дауына, мал дауына, жесір дауына қатысып, өзінің әділ төрелігі, шешендігімен белгілі болды. Оның айтқан кесімді, билік сөздері бірлі-жарымы ғана ел аузыңда сақталған. Шоқай Балқанұлын Отанын қорғаған батыр, рулар араздығын шешетін би, шешендік өнерімен, әділ шешімдерімен сый-құрметке ие болған шешен-әулие ретінде ел аузында айтылып, жазылып келеді. Шоқай Балқанұлына бірнеше мыңдаған шақырым  жерлерден келіп, жаңа туған нәрестеге ат қойғызып, ризашылықпен батасын алған. Әйгілі Кенесары Қасымұлының атын Шоқай би қойған. Шоқай бидің күні бұрын айтқан сөздері, болжам-жорамалдары орындалған. Оның көптеген туындылары «Ел аузынан», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Ақ бата» жинақтарында жарияланған. Жазушы Қойшығара Салғараның «Көмбе» романында Шоқай бидің көптеген сөздері жайында айтылады. Шоқай би Балқанұлы қартайған шағында қайтыс болған, ұрпақтары Қостанай, Ресейдің Қорған облыстарында тұрады. Қостанай облысы Алтынсары ауданындағы Қарағайлы ауылы қазір Шоқай бидің есімімен аталады.
   Дерек көзі: Қостанай  облыстық энциклопедиясы